Дирекция туралы
Елорданың мұражайлары мен ескерткіштерді қорғау қызметін біріктіретін Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік кәсіпорны
Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен музейлер дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жылғы 11 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Дирекция ведомстволық бағынысты мұражайлар мен ескерткіштерді қорғау бөлімшесінің жұмысын басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді, елорданың тарихи-мәдени мұрасын сақтауды, зерделеуді және насихаттауды ұйымдастырады.
Дирекцияның қарамағында: 2007 жылы бұрынғы Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері орнында ашылған саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені; 1988 жылдан бері XIX ғасырдағы ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын ғимаратта жұмыс істейтін Сәкен Сейфуллин мұражайы; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптар коллекциясы жинақталған, 2025 жылы ашылған Өнер мұражайы; сондай-ақ тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету бөлімі.
Негізгі қызмет бағыттары: мұражай қорларын жинақтау, есепке алу және сақтау; ғылыми-зерттеу және баспа жұмыстары; экспозициялық-көрмелік және экскурсиялық қызмет; тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу; елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған ағартушылық бағдарламаларды іске асыру.
- Сәкен Сейфуллин мұражайы
- АЛЖИР
- Өнер мұражайы
- Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін сақтау
Мұражайлардың мекенжайлары
Дирекция ұйымдары
-
Сәкен Сейфуллин мұражайы
Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз мемориалдық музей: мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы әрі драматург Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған. Музей 1846 жылы салынған, ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын үйде орналасқан.
Сайтқа өту -
Саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені
Отанына қарсы сатқындардың әйелдерінің бұрынғы Ақмола лагері орнында орналасқан, саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының жадына арналған мемориалдық кешен.
Сайтқа өту -
Өнер мұражайы
Музей 2025 жылғы 5 қазанда XIX ғасырдың соңында салынған тарихи ғимаратта ашылды. Негізгі бағыты — қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын жинақтау, сақтау, зерттеу, қалпына келтіру және насихаттау; қорда шамамен 1 600 аспап бар.
Толығырақ -
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін сақтау
Бөлім Астананың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, қалпына келтіру және насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді: қалада республикалық маңызы бар 3 ескерткіш, жергілікті маңызы бар 42 ескерткіш және 55 монументтік өнер нысаны бар.
Толығырақ
Жаңалықтар
Соңғы жарияланымдар
Талдықорғанда «С. Сейфуллин: тағдыр және тағылым» көрмесі
2026 жылғы 4–19 маусым аралығында Сәкен Сейфуллин музейінің көшпелі көрмесі Талдықорғанда өтті.
Сәкен Сейфуллин музейі ІІ халықаралық «Мәңгілік тұлғалар» музейлер фестивалінде
2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Сәкен Сейфуллин музейі Алматы облысында өткен фестивальге қатысып, көрме ұсынды.
Атбасарда «С. Сейфуллин: тағдыр және тағылым» көрмесі
2026 жылғы 16–30 сәуір аралығында Сәкен Сейфуллин музейі Атбасардағы Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейде көрме ұйымдастырды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді жаңа жыл қарсаңында құттықтаймыз! Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен музейлер дирекциясы» МКҚК жанындағы мұражайлардың алдағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлаймыз: * 31 желтоқсан – мұражайлар сағат 14:00-ге дейін жұмыс істейд...
Тоқыма стиліндегі «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені
Тоқыма стиліндегі «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені
LEGO стиліндегі Сәкен Сейфуллин мұражайы
LEGO стиліндегі Сәкен Сейфуллин мұражайы
Республика күнімен құттықтаймыз!
Республика күнімен құттықтаймыз!
Президент Жолдауы бойынша түсіндіру жиналысы өтті
Бірлескен музейлер дирекциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» Жолдауын түсіндіруге арналған кеңес өтті. Іс-шара барысында...
Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл
Жаяу Мұса Байжанұлы – қазақ халқының атақты әнші-композиторы және ақыны. Белгілі халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлы қазақ музыкалық мәдениетінде ерекше орын алады. 1999 жылы Астанада «Ақ сұңқар» қонақ үй кешенінің алдында ақын...
Чех легионерлері қоғамының делегациясы «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды.
2025 жылғы 17 шілдеде Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының вице-спикері Ян Бартошек бастаған Чех легионерлері қоғамының делегациясы «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды. Қонақтарға «Алаш» және...
Нидерланд Корольдігінің Елшісі «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды
2025 жылғы 12 шілдеде Нидерланд Корольдігінің «Clingendael» Халықаралық қатынастар академиясының директоры Рон Тон мен Нидерландтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі отбасымен бірге «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды. Қонақтарға экскурси...
Кенесары хан ескерткішін қайта жаңғырту
Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішінің тұғырының жағдайы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, Астана қаласының әкімдігі оны 2024–2025 жылдары қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеев — талантты суретші әрі живописші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтаудың халықаралық күнін атап өту
2023 жылғы 18 сәуірде Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтаудың халықаралық күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен музейлер дирекциясы» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өтті.
«Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі»
2 қарашада Бірлескен музейлер дирекциясының картина галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынның көрмесі ашылады.
Байланыс
Бізбен байланысыңыз
Сіз бізге көрсетілген телефон, электрондық пошта немесе мекенжай бойынша хабарласа аласыз не өтінішіңізді оң жақтағы форма арқылы қалдыра аласыз. Біз сізбен міндетті түрде байланысқа шығамыз.
- Телефон: +7 (777) 533-48-54
- Email: direct2021@mail.kz
- Мекенжай: Астана қ., Отырар көш., 1/2 үй