Мазмұнға өту

02.08.2025 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл

Жаяу Мұса Байжанұлы – қазақ халқының атақты әнші-композиторы және ақыны. Белгілі халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлы қазақ музыкалық мәдениетінде ерекше орын алады. 1999 жылы Астанада «Ақ сұңқар» қонақ үй кешенінің алдында ақын...

Жаяу Мұса Байжанұлы – қазақ халқының атақты әнші-композиторы және ақыны. Белгілі халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлы қазақ музыкалық мәдениетінде ерекше орын алады.

1999 жылы Астанада «Ақ сұңқар» қонақ үй кешенінің алдында ақын Жаяу Мұса Байжанұлына арналған ескерткіш орнатылды. 2022 жылы ескерткіш Сарыарқа даңғылындағы скверге көшірілді. Ескерткіштің авторы – мүсінші Бақытжан Әбішев.