Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясының директоры
Дирекция туралы
Дирекция туралы
Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен музейлер дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жылғы 11 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Дирекция ведомстволық бағынысты мұражайлар мен ескерткіштерді қорғау бөлімшесінің жұмысын басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді, елорданың тарихи-мәдени мұрасын сақтауды, зерделеуді және насихаттауды ұйымдастырады.
Дирекцияның қарамағында: 2007 жылы бұрынғы Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері орнында ашылған саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені; 1988 жылдан бері XIX ғасырдағы ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын ғимаратта жұмыс істейтін Сәкен Сейфуллин мұражайы; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптар коллекциясы жинақталған, 2025 жылы ашылған Өнер мұражайы; сондай-ақ тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету бөлімі.
Негізгі қызмет бағыттары: мұражай қорларын жинақтау, есепке алу және сақтау; ғылыми-зерттеу және баспа жұмыстары; экспозициялық-көрмелік және экскурсиялық қызмет; тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу; елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған ағартушылық бағдарламаларды іске асыру.
Дирекция туралы
Басшылық
Дирекция туралы
Мемлекеттік сатып алу
Бөлімде дирекцияның мемлекеттік сатып алу жоспарлары мен құжаттары жарияланады.
Дирекция туралы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі, оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында сәулелері бар күн бейнесі, оның астында қалықтап тұрған бүркіт бейнеленген көгілдір түсті тікбұрышты мата. Ту ағашының жағында ұлттық өрнектен тұратын тік жолақ бар. Күннің, оның сәулелерінің, бүркіттің және ұлттық өрнектің бейнесі – алтын түсті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек пішінді және көгілдір фонда шаңырақ бейнесі болып табылады, одан төңірекке күн сәулелері тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты тұлпарлардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде көлемді бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» жазуы бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, мифтік тұлпарлардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» жазуы – алтын түсті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде белгілі болған Қазақстан Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылғы 6 қаңтарда елдің Парламентінде бекітілді. Ол алғаш рет 2006 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты инаугурациясы кезінде орындалды. Музыкасын жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.
Дирекция туралы
Іс-шаралар
Іс-шаралар жариялауға дайындалуда.
Барлық іс-шараларДирекция туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, нұсқаулық, мүдделер қақтығысын реттеу қағидалары, корпоративтік кодекс, іс-шаралар жоспары және талдамалық анықтама жарияланады.
Нормативтік-құқықтық база
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы Ашу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Ашу
- Корпоративтік этика және мінез-құлық кодексі Ашу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық Ашу
- Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты Ашу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже Ашу
Іс-шаралар жоспарлары
- 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары Ашу
- 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары Ашу
- 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары Ашу
- 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары Ашу
- 2017 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары Ашу
- 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары Ашу
- Іс-шаралар жоспары Ашу
Жоспарларды бекіту туралы бұйрықтар
- 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын бекіту туралы бұйрық Ашу
- 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрық Ашу
- 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрық Ашу
Есептілік, мониторинг және талдау
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама Ашу
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Ашу
- Ішкі аудит департаментінің 2018 жылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері туралы ақпарат Ашу
- Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі Ашу
- Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі Ашу