Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеев — талантты суретші әрі живописші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
Әбілхан Қастеев — талантты суретші әрі живописші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Ол өз туындыларын елге, халқына және туған жеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке арнаған кескіндеме өнерінің көрнекті өкілі болды. Оның шебер жасалған туындылары қазіргі мен өткенді байланыстыратын, ғасырлар арасындағы алтын көпірге айналды. Әбілхан Қастеевтің алғашқы маңызды жұмыстары XX ғасырдың 20–30-жылдарына тура келеді.