Мазмұнға өту

01.11.2021 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

«Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі»

2 қарашада Біріктірілген мұражайлар дирекциясының картина галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынның көрмесі ашылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Іс-шара: «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі».

Көрме тұсаукесерінің күні: 2021 жылғы 2 қараша. Басталуы сағат 16:00.

Өтетін орны: Біріктірілген мұражайлар дирекциясының картина галереясы

Ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК.

2 қарашада Біріктірілген мұражайлар дирекциясының картина галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынның көрмесі ашылады.

Мұхтар Байбосын Алматы қаласында дүниеге келген. 1987-1991 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқыды, 1991 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетіне түсіп, 1995 жылы бітірді.

Еңбек жолын Алматы қаласының Қалалық байланыс кәсіпорнында бастады. Кейінгі жұмысы негізінен оқытумен байланысты болды. Көптеген жыл бойы Мұхтар Қайратұлы Қазақ ұлттық университетінің көркемсурет-графика факультетінде сабақ берді. Абай атындағы Алматы сәулет-құрылыс институтында жұмыс істеді. Астанаға көшкен соң суретші Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушылық қызметін жалғастырды. 2011 жылдан бастап Мұхтар Байбосын «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің балалар шығармашылығы өнері және мұражай педагогикасы секторының қызметкері. 2016 жылы өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2018 жылы суретшіге ҚазҰӨУ доценті ғылыми атағы берілді. «Ана тілі» құрмет медалінің авторы. Тәуелсіздік күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталды.

Суретшінің өз шығармаларына кейіпкер таңдау қағидаты қазақтың бай мұрасын құрметтеп, оны келесі ұрпаққа жеткізу мақсатынан туындайды. Олардың бәрін бір тақырып - қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы біріктіреді. Автордың айтуынша, әрбір сурет - туған жерге деген махаббат білдіру. Шебер акварельмен және майлы бояумен жазады, сонымен бірге жаңа техниканы қолданады. Суретші өз туындыларын қылқаламмен емес, мастихин деп аталатын арнайы күрекшемен жасаған. Ал суреттердің басты ерекшелігі - бояудың шырайлылығы, автордың ойынша, соның арқасында көрме келушілерінде туған мәдениетке деген қызығушылық оянуы тиіс.

Көрме мазмұны: қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері, поэзия, жалпы шеберлік - Отанымыздың сарқылмас қазынасы, оның асыл мұрасы, көне бастаулары. Әртүрлі шығармалар мен деректерден дәстүрлер мен өнерді зерттейтін суретшілердің, мүсіншілердің, тарихшылар мен археологтардың орасан зор еңбектерін көруге болатыны белгілі. Көрмеде автор табиғатқа, қызықты сарындар мен көріністерге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Экспозицияда сюжетті композициялар да, табиғат және қала пейзаждары да ұсынылған. Сонымен қатар көрермен тақырыптық графикамен және жеңіл акварельді этюдтермен таныса алады.

Көрме 2021 жылғы 2 қарашадан 2021 жылғы 26 қарашаға дейін жалғасады.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Отырар көшесі, 1/2

Жұмыс уақыты: 09.00-18.00 (демалыс күні - сенбі, жексенбі).