Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтаудың халықаралық күнін атап өту
2023 жылғы 18 сәуірде Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтаудың халықаралық күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өтті.
2023 жылғы 18 сәуірде Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтаудың халықаралық күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласының Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өтті. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және реставрациялау бөлімінің басшысы Өмірбек Мұқатайұлы «Елорда ескерткіштерін жөндеу және реставрациялау жұмыстарының барысы туралы» ақпарат беріп, елімізде орналасқан ескерткіштерге қатысты өзекті тақырыптарды қозғады. Алдағы жылы Астанада ескерткіштер орнату жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, «Тарихи мәдени ортаны сақтау орталығының» қызметкері Мәншүк Адиетқызы «Тарихи ортаны сақтау орталығының мәдени-ағартушылық қызметі» тақырыбындағы жыл сайынғы мерекелік іс-шаралар туралы әңгімеледі.