24 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» және №80 С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы мен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бірігіп, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Сәкен оқулары» байқауын өткізді.
Шараның мақсаты – Сәкен Сейфуллиннің шығармалары арқылы қазақ халқының әдеби мұраларын насихаттау және мектеп оқушылары арасында классикалық әдебиетті дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілететтерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.