Біз туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы»
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы»

   Бүгінде тарихи-мәдени мұра объектілері мен ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы бұрынғы ХІХ ғасырдың аяғындағы мұсылман мектебінің ғимаратында орналасқан. Бұл XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ағаш өнерінің бірегей үлгілерінің бірі болып табылатын сәулет ескерткіші. Ғимарат – бөрене ағашының ою-өрнегімен жасалған тұрғын үй.

   Осы ғимаратта Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК құрылымдық бөлімшесі Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы орналасқан. Орталық Астана қаласының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, қайта қалпына келтіру және насихаттау жұмыстарымен айналысады.

   Осы мақсатта  Орталық елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаламыздың ескерткіштері мен мемориалдық кешендерінің жанында дәрістер, экскурсиялар және тақырыптық іс-шаралар өткізеді.

Байланыс
Мекен-жайы:
Отырар, 1/2
Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім