Сәкен Сейфуллин мұражайы 1988 жылы 21 қаңтарда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің жарлығы бойынша ашылды.
ХІХ ғасырдың соңындағы ағаш үлгісінің ғимаратында Сәкен Сейфуллин мұражайы орналасқан. Бұл ғимарат 1846 жылы Ақмола көпестік топ өкілдерінің бастауымен салынып және сатып алынған тауарларды сақтауға арналған қойма ретінде пайдаланған. 1920-1930 жылдар аралығында ғимаратта қазақтың көрнекті жазушысы Сәкен Сейфуллин өмір сүріп, еңбек етті, оның қазіргі қазақ әдебиетінің қалыптасуындағы рөлін бағаламауға болмайды. Сондықтан да бұл жер біздің еліміз үшін маңызы ерекше. 1988 жылға дейін ғимаратта балабақша орналасқан.
Екінші ғимарат – мұражайдың әкімшілік үйі. Бастапқыда бұл дәрігер Благовещенский Федор Ивановичтің үйі болған, онда ол шамамен 40 жыл тұрып, науқастарды қабылдаған. Ғимарат сонымен қатар ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады, сол уақытқа тән эклектика стилінде жасалған. Бір кездері мұнда бухгалтерлер мектебі, ал бүгін Сәкен Сейфуллин мұражайының әкімшілігі орналасты.
Сәкен Сейфуллин мұражайының экспозициясы алты залда орналасқан және оған 7 мыңнан астам жәдігерлер кіреді, олар негізінен жазушының жеке заттары, кітаптары, фотосуреттері, хаттары, қолжазбалары, мұрағаттық құжаттары, сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған картиналар мен мүсіндер қойылған.
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
9:00-18:00 ДЕЙІН
(КАССА 9:00-17:00 ДЕЙІН)
демалыс күні – дүйсенбі
БАҒАНАМА