Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы жаппай репрессия құрбандарына арналған бірегей кешен. 2007 жылғы 31 мамырда Ақмола облысы, Целиноград ауданының Ақмол ауылында бұрынғы «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің орнында тарихтың өткен жылдарындағы бірегей ескерткіші саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылды. Мұражай 1997 жылғы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күні – 31 мамырды белгілеу туралы» Жарлығының қабылдағанына 10 жыл және жаппай қуғын-сүргіннің басталғанына 70 жыл толуына орай ашылды.
Мұражай кешені «Сталиндік вагоннан», «Қасірет қақпасы» монументінен, тікенек сымды лагер қоршауы мен күзет мұнарасынан, «Түңілу мен әлсіздік» және «Күрес пен үміт» мүсіндік екі композициядан, «Көз жасы» стеласынан, тұтқын әйелдер тұрған барактан, Алаш бағынан, Зерде қабырғасынан, Ескерткіш белгілерден және мұражай ғимаратынан тұрады.
Мұражай экспозициялары екі қабатқа қойылған. Астыңғы қабаттағы «Алаш» залының экспозициялары Қазақстанның Ресейдің патшалық империясы құрамына кірген Кеңестік кезеңді, 1937 жылдың жаппай қуғын-сүргінін көрсетеді. Олар тарих беттері – мұрағаттық құжаттар, фото-бейне материалдар, жауап-алудың хаттамасы, ату жазасына кескен бұйрықтар, қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке істерінен сыр шертеді.
Бірінші қабаттағы «АЛЖИР тұтқындары» деп аталатын экспозициялық-көрме залы «Отанын сатқандар» ақмолалық лагерінің тарихына, кінәсіз тұтқында отырған әйелдерге арналады. Мұнда олардың отбасылық фотосуреттері, жеке заттары, «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары қолдарымен жасаған заттар қойылған.
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
9:00-18:00 ДЕЙІН
(КАССА 9:00-17:00 ДЕЙІН)
демалыс күні – дүйсенбі
БАҒАНАМА