Ашық аспан аясындағы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылы 8 қыркүйекте ашылды. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенін құру мен пайдаланудың негізгі мақсаты – қоғамға бай мәдени және рухани мұрамен танысуға мүмкіндік беру, тарихи-мәдени және рухани құндылықтармен таныстыруын қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін насихаттау, мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру.
«Атамекен» этно-мемориалды кешені 1,7 га аумақты құрайды және еліміздің қалаларының табиғи және сәулеттік көрікті жерлерінің миниатюралық көшірмелері орналасқан. Картада 17 облыс және республикалық мәні бар - Астана, Алматы және Шымкент қалалары орналасқан.
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
10:00-20:00 ДЕЙІН
(КАССА 10:00-19:00 ДЕЙІН)
демалыс күні – дүйсенбі
БАҒАНАМА