Әлкей Марғұлан – Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ ССР ҒА академигі, профессор. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.