Hовости «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері
«АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері
«АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері

       

     2022 жылғы 28 шілде күні "Алаш" залында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» көрмесі ұйымдастырылды. Өткізу мақсаты – ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, музей қызметін насихаттау.

     Гулагтың лагерлері арқылы 18 мыңңан астам әйелдер этаппен өтті, оларды үнемі лагерден лагерге ауыстырып отырған. «АЛЖИР»-де бір мезгілде 8 мыңға жуық әйел отырған. Олардың ішінде көбі орыстар – 4 390 (50 %), еврейлер – 855 (20 %), украиндар – 740 (15 %) және қазақ – 87 (2 %) әйелдері болды. Сонымен қатар, лагерде неміс, француз, швед, жапон, норвеж, австрийлік, поляк, грузин, армян, әзірбайжан, литов, латыш және т.б. ұлттың әйелдері жазасын өтеген. «АЛЖИР»-де 600-ге жуық (нақты саны анықталып жатыр) әйел қайтыс болған.

    Негізінен тұтқындалғандар одаққа танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері: Әзиза Рысқұлова және оның анасы Арифа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфандиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова, атылып кеткен маршал Тухачевскийдің отбасының әйелдері, жазушы Борис Пильняктың әйелі Кира Андронникошвили, Юрий Трифоновтың әйелі Евгения Лурье, Булат Окуджава мен Майя Плисецкаяның да аналары болды.

    Көрмеге 30-жылдары күйеулері Үкіметте жоғары лауазымдық қызметін  атқарған және "халық жауы" ретінде атылған азаматтардың әйелдері – "АЛЖИР" тұтқындарының фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары және жеке заттары қойылған.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім