Hовости «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі».
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі».
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі».

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Іс-шара: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суретші Мұхтар Байбосынның шығармашылық жұмыстарының көрмесі».

Көрменің тұсаукесер күні: 2021 жылғы 2 қараша. Басталуы: 16-00.

Өткізу орны: Бірлескен мұражайлар дирекциясының сурет галереясы

Ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК

            02 қарашада Бірлескен мұражайлар дирекциясының сурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосын көрмесінің ашылуы өтеді.

            Мұхтар Байбосын Алматы қаласында дүниеге келген. 1987-1991 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. 1991 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «көркем-графика» факультетіне түсті және 1995 жылы аяқтады.

             Еңбек жолын Алматы қаласындағы қалалық байланыс кәсіпорнында бастаған. Кейінгі жұмыс негізінен оқумен байланысты. Мұхтар Қайратұлы көп жылдар бойы Қазақ ұлттық университетінің «көркемсурет-графика» факультетінде сабақ берді. Абай атындағы Алматы сәулет-құрылыс институтында жұмыс істеді. Елордаға көшіп келген суретші Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушылық қызметін жалғастырды. 2011 жылдан бастап Мұхтар Байбосын «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істейді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайдың балалар шығармашылығы өнері және мұражай педагогикасы секторының қызметкері. 2016 жылы өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2018 жылы суретшіге ҚазҰУ доценті ғылыми атағы берілді. «Ана тілі» құрмет медалінің авторы. Тәуелсіздік күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталған.

            Суретшінің өз шығармалары үшін кейіпкерді таңдаудағы қағидаты қазақтардың бай мұрасын құрметтеу және оны келесі ұрпаққа жеткізу мақсатынан туындайды. Олардың барлығы бір тақырыппен біріктірілген - қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Автордың айтуынша, әр сурет - туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіру. Шебер жаңа техниканы қолдана отырып, акварель мен майлы бояумен жазады. Суретші өзінің туындыларын қылқаламмен емес, арнайы қалақшаның арқасында жасайды. Суреттердің басты ерекшелігі –ол түстердің қанықтығы, соның арқасында автордың ойы бойынша көрмеге келушілердің өздерінің туған мәдениетіне деген қызығушылығы оянуы тиіс.

            Көрменің мазмұны: қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері, ақындығы, жалпы шеберлігі – еліміздің сарқылмас қайнары, асыл мұрасы, көненің көзі болса керек. Салт-дәстүрді, өнерді зерделеп бағалайтын суретшілер, мүсіншілер, тарихшы мен археологтардың орасан еңбектерін түрлі шығармалар мен дереккөзден айқын көре алатынымыз мәлім. Көрмеде автор табиғатқа, сондай-ақ, көзге тартымды көріністерге деген зор ықыласты байқатады. Экспозицияға сюжеттік композициялармен қоса көптеген табиғат және қала көріністері ұсынылған. Сонымен қатар, көрермен тақырыптық графикамен және акварельдің жеңіл этюдтерімен таныса алады.

 


Көрме 2021 жылдың 2 қарашасынан 2021 жылдың 26 қарашасына дейін жалғасады.

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Отырар көшесі, 1/2

Жұмыс уақыты: 09.00-18.00 (демалыс – сенбі, жексенбі).

 

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім