2022 жылғы 24 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде тәжірибе алмасу мақсатында Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында музейдің «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия мен «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып, есеп және қор сақтау, зерттеу мен экскурсиялық көрме жұмыстары бөлімдерінің қызметімен таныстырылды.
Сондай-ақ, екі музей арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланды. Естелік ретінде мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJІR. Qorqinisti tustey…Kak strashnyi son…", «Ұрпақтар ұмытпайды» естеліктер жинақтары және «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы сыйға берілді.