Hовости Халық жазушысы Шерзан Мұртазаның туғанына 90 жыл
Халық жазушысы Шерзан Мұртазаның туғанына 90 жыл
Халық жазушысы Шерзан Мұртазаның туғанына 90 жыл

              

           Биыл халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр.
           Орталықтың зерттеу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі М.А. Исаева жазушы шығармашылығына арналған музей сабағын өткізді.
           Мұражай сабағының мақсаты: Шерхан Мұртаза шығармалары арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, бейнелеу өнерімен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
           Мұражай сабағында Астана қаласындағы № 35 мектептің 7-сынып оқушылары Ш.Мұртаза шығармаларынан үзінділер оқып, өнерлерін көрсетті.
           Сондай-ақ, оқушылар суретші, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Ренат Елубайдың жеке көрмесіне экскурсия жасады. Ол халықаралық семинарларда, пленэрлерде көркем шығармашылық дәстүрлерін ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани мұрасының барлық алуан түрлілігін сақтап, дамытатын жас суретшілер топтамасын ұсынады.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім