Hовости «Бөгенбай батыр ескерткіші»
«Бөгенбай батыр ескерткіші»
«Бөгенбай батыр ескерткіші»

2007 жылы Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылдарының қиылысында ұлы қолбасшының рухына тағзым ету мақсатында ескерткіш орнатылды, оның авторы – белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков.

Бөгенбай батырдың ескерткіші өте көп жүретін даңғылдың бойында көтеріліп, қолбасшының қоладан жасалған, биік гранит тұғырдағы мүсіні пайда болды. Ескерткіштің биіктігі 11 метрден асады.

     

                                                                    

      Мүсінші өз жұмысында қолбасшы рухының күшін жеткізе білді. Ат үстіндегі мүсіннің биіктігі 6,3 метрді құрайды. Аты аңызға айналған қолбасшының көзқарасы алға қарай жетелеп, оң қолы жау әскерін тоқтатқандай жоғары көтерілген. Сол қолында батыр қылыш ұстап тұр. Композиция сонымен қатар татуластыққа шақырып, жарқын өмір сүруге қимыл жасауды бейнелейді.

     Қанжығалы Бөгенбай батыр – қазақтың халық батыры, қазақтың ұлы қолбасшысы, қазақтың үш жүзінің бас қолбасшысы. Ол 103 шайқасты құрайтын әскери мансабында бірде-бір жеңіліс көрмеген.

     Бөгенбай батыр өмір бойы қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп, жоңғар шапқыншыларымен болған шайқастарда өлшеусіз ерлік көрсетті.

     Батыр Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

      Қиын-қыстау сынақ кезеңдерінде қазақ халқы өзінің ісімен және жеңістерімен бұрын-соңды болмаған сенімге толық қол жеткізіп, осы сенімін ақтап алған саяси және әскери көшбасшыларын тапты. Сондай әскери көшбасшының бірі болып Бөгенбай батыр да танылды.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім