Альпинисттерге арналған мереке 1786 жылы швейцариялық Жак Балма мен Мишель-Габриэль Паккардтың арқасында пайда болды. Олар 4810 метрлік Альпі тауының ең биік нүктесі - Монблан шыңына шықты. Сол күннен бері альпинистер 8 тамызда өздерінің төл мерекелерін атап өтетін болды.
Осы салада еңбектеніп жүрген қазақстандықтар да жетерлік. Біздің альпинистер тауды бағындыруды 1930 жылы Іле Алатауының 4376 метрлік шыңынан бастау алды.
2010 жылы Мақсұт Жұмаев, Василий Пивцов, Владислав Чехлов Гималай тауындағы 8516 метрлік Лхозце шыңына Қазақстан туын тікті. Олардың ішінде Мақсұт Жұмаев екі рет 8848 метрлік Эверест шыңын бағындырды.
Альпинизм саласына қатысы бар барлық оқырмандарымызды төл мерекелерімен құттықтаймыз!