«ҚАЗАҚ» газеті – тұңғыш, ұлттық газетінің алғашқы санының шыққанына биыл 110 жыл. Алғашқы жылы ұлттық басылымға, 1914 жылдан бастап халықаралық басылымға айналды. «Қазақ» газетінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, рухани, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды.
«Қазақ» газеті халық алдындағы өз мисссиясын орындады. Біріншіден, сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған, еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастырып кетті.