Халел Досмұхамедов – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз әрі ғалым. Мамандығы дәрігер болса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласып, саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы көп қырлы дарын иесі.
Халел - қазақтан шыққан алғашқы түркітанушы. Ол 1923 жылы "Шолпан" журналының 7-санында "Диуани лұғат ат-түрік" атты мақала жариялады. Осы мақаласы арқылы қазақ қоғамын алғаш рет ұлы сөздікпен таныстырып, Махмұд Қашқаридің тарихтағы орнын белгілеп берді. Ол халық ауыз əдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарды.