Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні жыл сайын 18 сәуірде атап өтіледі. Дүниежүзілік мұра күні деп те аталатын бұл күн 1982 жылы ЮНЕСКО құрған Халықаралық ескерткіштер мен орындарды қорғау жөніндегі кеңестің (ICOMOS) Ассамблеясымен қоғамның назарын әлемдік мәдениетті қорғауға және сақтауға аудару мақсатында құрылды.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні қарсаңында біздің қоғамға еліміздің тарихи-мәдени мұраларын қорғау, зерттеу, сақтау және насихаттау бойынша шұғыл және басым міндеттер тұрғанын тағы бір рет еске салғымыз келеді.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнінің ұраны: «Тарихи Отанымызды сақтайық» деген сөздер болды.
Тарихи ескерткіштер күні бәрімізге, өз тарихы мен мәдениетін бағалайтын, өткенді саралайтын және зерттейтіндердің бәріне қатысты. Біздің еліміздің бізге ерекше тарихи және мәдени мұра қалдырған бай тарихы бар. Қазақстан аумағында көптеген ескерткіштер мен тарихи орындар баршылық, олардың көпшілігі бүкіл әлемге кең танымал және оларды әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үнемі аралап тұрады.
Ұмытылмас даталар күнтізбесінде бүгінгі және болашақтағы көрікті жерлерді сақтау қажеттілігін еске түсіретін мерекелер бар екендігі қуантады. Біз өз кезегімізде елімізде бар тарихи-мәдени мұраның сақтаушылары мен қорғаушылары боламыз.