Hовости 15 тамыз - Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 93 жыл
15 тамыз - Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 93 жыл
15 тамыз - Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 93 жыл

        Шәмші Қалдаяқов қазақ ән әлемінде есімі алтын әріппен жазылған тұлға. Композитордың қалдырған мұрасы өміршең. Оның жарқын мысалы - еліміздің Мемлекеттік Әнұранына айналған "Менің Қазақстаным" әні. Шәмшінің елге, жерге, ата-анаға, дос-жаранға деген махаббат пен ықыласқа толы әуендері әр қазақ үшін ыстық.

       Қазақ ән әлемінде орны ерекше 300-ге жуық әнді дүниеге әкеліп, пианиноны да, домбыраны да еркін тартып, нағыз қазақи музыканы қалыптастырды. Ол - қазақтың тілінде қазақтың мәдениетіне қанып өсіп өз елінің жұлдызы болған тұлға!

       Бүгінде Шәмші Қалдаяқовтың туындысын еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін сүйіп тыңдайды. Ән падишасы өзі болмаса да оның шығармалары қазақ халқымен мәңгі жасайды.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім