Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. 1858 жылдың 11 шілдесінде Шыңғыстауда, Байқошқар өзенінің бойындағы Кеңбұлақ деген жерде дүниеге келген. Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер.Әдебиетті, тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымын, физиканы, сөз өнерін, музыка өнерін оқыған.