1992 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды. Ұлттық Ұлан ең алдымен, азаматты, қоғамды, оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және басқа да заңсыз қол суғышылықтардан қорғауға арналған ішкі әскерлердің тікелей мұрагері екендігін көрсетеді.
Ұлттық ұлан – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең ұрысқа қабілетті құралымдардың бірі. Әскерлер аса маңызды стратегиялық объектілер мен түзеу мекемелерін күзетуді жүзеге асырады, ішкі істер органдарымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға елеулі үлес қосады.