Қазақтың мемлекет қайраткері, ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің мұражайының ашылғанына биыл 36 жыл. Мұражай 1988 жылы 21 қаңтарда ашылған және ақын өмірінің әртүрлі кезеңдерінің тарихы жазылған жеті залдан тұрады. Мұражайда ақынның жеке заттары, кітаптары, сонымен қатар қоғамдық, педагогикалық, шығармашылық кезеңдерінен тұратын 7275 жәдігер бар.