Мазмұнға өту

14.09.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп

14 қыркүйекте «АЛЖИР» мұражайында Нұр-Сұлтан қаласында 2021–2022 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында Целиноград ауданы полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған «Заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті...

14 қыркүйекте «АЛЖИР» мұражайында Нұр-Сұлтан қаласында 2021–2022 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында Целиноград ауданы полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған «Заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жас ұрпақтың бойында құқықтық сананы тәрбиелеу, жауапты шешімді дербес қабылдау дағдыларын қалыптастыру, жастардың жалпы құқықтық сауаттылығының деңгейін арттыру.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналды полицияның учаскелік инспекторы, полиция капитаны Асхат Бақытұлы Бүлегенов әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын, атап айтқанда кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына тыйым салынғанын, ұсақ бұзақылық үшін жаза шараларын түсіндірді, оқу орнында және басқа да қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға, өзін-өзі дамытумен айналысуға, адамгершілік және отбасылық құндылықтарды басшылыққа алуға және заңдарды қатаң сақтауға шақырды.