Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкерлері «АЛЖИР» мұражайында
2022 жылғы 24 ақпанда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде тәжірибе алмасу мақсатында Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкерлерімен кездесу өтті
2022 жылғы 24 ақпанда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде тәжірибе алмасу мақсатында Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу аясында «Алаш», «АЛЖИР» залдарына экскурсия ұйымдастырылып, «АЛЖИРдің қатал суығы» деректі фильмі көрсетілді, есепке алу және сақтау бөлімінің, зерттеу және экскурсиялық-көрме жұмысы бөлімдерінің қызметімен таныстырылды. Сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Мұражай туралы естелік ретінде «АЛЖИР» лагері тұтқын әйелдерінің және олардың ұрпақтарының естеліктер жинақтары «ALJІR. Qorqinisti tustey…Kak strashnyi son…», «Ұрпақтары еске алады» және «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы сыйға тартылды. Бұл басылымдар «АЛЖИР» мұражайының негізгі және ғылыми-көмекші қорларының материалдары негізінде шығарылған.