Мазмұнға өту

07.10.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы.

Биыл халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толады.

Биыл халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толады.

Орталықтың зерттеу жұмысы бөлімінің басшысы М.А. Исаева жазушының шығармашылығына арналған мұражай сабағын өткізді.

Мұражай сабағының мақсаты – Шерхан Мұртазаның шығармалары арқылы жас ұрпақтың патриотизмін оятып, оқушылардың бейнелеу өнерімен танысуы арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Мұражай сабағы барысында Астана қаласындағы №35 мектептің 7-сынып оқушыларының орындауында Ш. Мұртазаның шығармаларынан үзінділер оқылды.

Оқушыларға сондай-ақ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, суретші Ренат Елубайдың жеке көрмесі бойынша экскурсия өткізілді. Ол халықаралық семинарларда, пленэрлерде көркем шығармашылық дәстүрлерін ғана емес, қазақ халқы рухани мұрасының барлық сан алуандығын сақтап, дамытып жүрген жас суретшілер буынын таныстырады.