Мазмұнға өту

01.12.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

«Сәкен оқулары»

24 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясымен және дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Астана дарыны» орталығымен бірлесіп, қалалық «Сәкен...

24 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясымен және дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Астана дарыны» орталығымен бірлесіп, 8–11 сынып оқушылары арасында «Сәкен оқулары» қалалық байқауын өткізді. Бұл іс-шара қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналды.

Байқауды өткізудің басты мақсаты — Сәкен Сейфуллин шығармалары арқылы қазақ халқының әдеби мұрасын мектеп оқушылары арасында насихаттау. Сонымен қатар іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға, олардың эстетикалық талғамын дамытуға, сондай-ақ таланты жастарды қолдау мен анықтауға бағытталған.