Мазмұнға өту

15.11.2021 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

«АЛЖИР» поляк ұлтының тұтқын әйелдерінің есіне

2021 жылғы 8 қарашада «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне Польша Республикасынан делегация келді.

2021 жылғы 8 қарашада «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне Польша Республикасынан делегация келді. Қонақтарды құттықтау сөзімен Нұр-Сұлтан қаласы Біріктірілген мұражайлар дирекциясының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сәду Дарина Садуқызы қарсы алды. Мұражай маманы Елена Саморокова экскурсияны Сталин вагонынан бастады. Одан кейін Польша Республикасы Сенатының Төрағасы мырза Томаш Гродзскийдің қатысуымен 1938-1953 жылдары «АЛЖИР»-де жазасын өтеген поляк ұлтының әйелдеріне арналған ескерткіш белгіге гүл қою рәсімі өтті. Одан әрі «Лютый холод «АЛЖИРа»» деректі фильмі көрсетілді. Жоғары мәртебелі қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдарының экспозициялары бойынша экскурсия жүргізілді, оның соңында мұражайдың естелігі ретінде мырза Томаш Гродзскийге мұражайдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай мұражай ұжымы шығарған «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың ұрпақтарының естеліктер жинағы «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» сыйға тартылды, сондай-ақ Польшадан келген «АЛЖИР» тұтқындарының тізімі табыс етілді. Мұражайдың пікірлер кітабына құрметті қонақ ХХ ғасырдың 1930-1950 жылдарындағы қасіретті күндер мен оқиғалардың есін сақтауға қосқан үлесі үшін мұражай ұжымына алғыс сөзін жазып қалдырды.