Мазмұнға өту

25.04.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

«Бөгенбай батыр ескерткіші»

2007 жылы Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысында ұлы қолбасшының құрметіне танымал мүсінші Тоқтар Ермеков авторлығымен ескерткіш орнатылды.

2007 жылы Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысында ұлы қолбасшының құрметіне танымал мүсінші Тоқтар Ермеков авторлығымен ескерткіш орнатылды.

Бөгенбай батыр ескерткіші өте қарбалас даңғылда орналасқан және биік гранит тұғырдағы қоладан жасалған қолбасшы мүсіні болып табылады. Ескерткіштің биіктігі 11 метрден асады.

Мүсінші өз жұмысында қолбасшының рухының күшін бере білді. Салт атты мүсіннің биіктігі 6,3 метр. Аңызға айналған қолбасшының көзқарасы алға қадалған, оң қолы жау әскерін тоқтатқандай жоғары көтерілген. Сол қолында батыр қылышты сенімді ұстап тұр. Композиция сондай-ақ ашықтық пен жақсы көршілікке дайындық ишарасының бейнесі болып табылады.

Канжығалы Бөгенбай батыр - қазақтың ұлттық батыры, ұлы қазақ қолбасшысы, үш қазақ жүзінің әскерлерінің бас қолбасшысы. Ол әскери жолында бірде-бір жеңіліс көрмеген, оның есебінде 103 шайқас бар.

Бөгенбай батыр бүкіл өмірін қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күреске арнап, жоңғар басқыншыларымен шайқастарда шексіз батылдық танытты. Батыр Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.

Сынақтың ауыр сәттерінде қазақ халқы өз істері мен ерліктерімен халықтың өзіне деген зор сенімін жеңіп алып, ол сенімді ақтаған саяси және әскери басшыларға ие болды. Ұлы Бөгенбай батыр осындай әскери стратегтердің бірі еді.