Мазмұнға өту

20.08.2025 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі мына мекенжайда орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды...

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі мына мекенжайда орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: Отырар көшесі, 1/2.

Лауазымдық міндеттері:

- ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды;

- ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын айқындайды;

- мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын ұйымдастырады;

- шарттар жасасады немесе мәмілелер жасайды, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді;

- қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Мына жағдайлар үшін дербес жауапты болады:

- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі мен мүлкінің сақталуы;

- таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, сондай-ақ Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды.

Біліктілігіне қойылатын талаптар: мынадай кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогика ғылымдары (жалпы даму, жаратылыстану пәндері, гуманитарлық пәндер, тілдер мен әдебиет бойынша пәндік мамандандырылған мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы); мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде электронды нысанда 1-қосымшаға сәйкес www.e-qazyna.kz тізілім веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ арқылы қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті, еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен бірге ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн конкурс өткізу туралы хабарландыру www.e-qazyna.kz тізілім веб-порталында орналастырылған күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап айқындалады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау тізілім веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға өтініш