Мазмұнға өту

18.05.2022 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

«АЛЖИР» тұтқын әйелдерін еске алу әдеби-музыкалық кеші

2022 жылғы 18 мамырда Халықаралық мұражайлар күні «АЛЖИР» мұражайында Ашық есік күні өтті.

2022 жылғы 18 мамырда Халықаралық мұражайлар күні «АЛЖИР» мұражайында Ашық есік күні өтті. Осы күні барлық қалаушыларға тегін негізде «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсиялар өткізіліп, «АЛЖИР-дің қақаған аязы» деректі фильмі көрсетілді. Күні бойы экскурсия жетекшілері мен мұражай қызметкерлері ХХ ғасырдың 30–50-жылдарындағы көйлектерді киіп, «АЛЖИР» лагері тұтқын әйелдерінің бейнесінде қонақтарды қарсы алып, экскурсиялар өткізді.

Сондай-ақ осы күні мұражай аумағында саяси қуғын-сүргіннің жаппай басталуының 85 жылдығы, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің 15 жылдығы және Балалар жылы аясында Целиноград аудандық мәдениет үйімен және «Малиновка» іздестіру клубымен бірлесіп ұйымдастырылған «АЛЖИР» тұтқын әйелдерін еске алу әдеби-музыкалық кеші өтті. Іс-шара барысында Ақмол ауылындағы Целиноград аудандық мәдениет үйінің артистері 70–80-жылдардағы патриоттық әндер орындалған концерттік бағдарлама ұсынды, «Малиновка» іздестіру клубының мүшелері, «Ақмол ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушылары «АЛЖИР» тұтқын әйелдері жазған өлеңдерді оқыды.

Іс-шара соңында Целиноград аудандық мәдениет үйінің ұжымы мен «Малиновка» іздестіру клубының мүшелеріне «Аманат-АЛЖИР» қоғамдық қорынан сыйлықтар табыс етілді.