«Ashyq Niet» балалар форумы
2022 жылғы 26 қазанда Астана қаласындағы «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланғанына орай 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың тікелей қатысуымен әлемдік қауымдастықтың өзекті мәселелерін зерделеуге бағытталған алғашқы ірі балалар форумы «A...
Форумның негізгі бөлімі мынадай тақырыптарға бағытталды:
1. Экология және балалар денсаулығы
2. Эмоциялық интеллект
3. Ғылым және инновация
4. Цифрландыру
Пленарлық отырыста Интернет желісін тиімді пайдалану және ақпаратты тұтыну алгоритмін әзірлеу мәселелері көтерілді. Экологиялық акциялар, қайырымдылық, еріктілік, эмоциялық интеллект, балалардың психикалық денсаулығын қолдауға арналған нақты қадамдар талқыланды.
Форумға орта мектептердің 6-сыныптан 12-сыныпқа дейінгі оқушылары, жоба жетекшілері, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, еріктілер, пленарлық отырыстар мен панельдік сессиялардың модераторлары, денсаулық сақтау, білім, ғылым, экология, инновация және жаңа технологиялар саласындағы сарапшылар, балалар психологтері мен жаттықтырушылар, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Форум соңында қатысушыларға сарапшылардың ұсыныстары айтылып, ұсынымдар берілді және қолдау білдірілді. Балалардың ғылыми-жобалық жұмысын жариялау мақсатында жыл сайын Республикалық балалар форумын ұйымдастыру ұсынылады.
Форум қатысушылары мен жоба жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды, форум мерекелік кешпен аяқталды.