3 сәуір — қазақ халқының батырыАмангелді Үдербайұлының туғанына 150 жыл.
Амангелді Үдербайұлы Иманов – герой казахского народа.
Амангелді Үдербайұлы Иманов — қазақ халқының батыры. Мерген атқыш, шебер шабандоз, еркіндікті сүйген батыр 1905-1907 жылдардағы үкіметке қарсы көтерілістерге қатысты, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғай ауылдарында жасырынуға мәжбүр болды. 1910 жылы оның бастамасымен Амангелдінің туған өлкесі Терісбұтақ ауылында мектеп салынды. Батыр Амангелдінің ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылы маусымда Ресей императорының жарлығына наразылық ретінде басталған Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде айқын көрінді.
Амангелді Имановтың мүсінін қазақстандық алғашқы кәсіби мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев жасаған. Наурызбаев сомдаған Амангелді бейнесі терең психологиялық сипатқа ие.
Амангелді Имановтың мүсінін қазақстандық алғашқы кәсіби мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев жасаған. Наурызбаев сомдаған Амангелді бейнесі терең психологиялық сипатқа ие.