28 қыркүйекте «Мәңгілік Ел» салтанат аркасының картина галереясында Бақыт Рүстемов көрмесінің ашылуы өтеді
28 қыркүйекте «Мәңгілік Ел» салтанат аркасының картина галереясында халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты Бахыт Рүстемовтің көрмесі ашылады. Рүстемов Бахыт Төлегенұлы - экономист, тарихшы, жазушы, әдебиет сыншысы, публицист, аудармашы...
28 қыркүйекте «Мәңгілік Ел» салтанат аркасының картина галереясында халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты Бахыт Рүстемовтің көрмесі ашылады.
Рүстемов Бахыт Төлегенұлы - экономист, тарихшы, жазушы, әдебиет сыншысы, публицист, аудармашы, ақын, музыкант. ХЕАТР академигі (Ресей). Еуразия халықтары Ассамблеясы Әдеби кеңесінің тең төрағасы (Ресей).
Бахыт Рүстемов «Халық қалаулысы» республикалық байқауында (2019 ж.) «Қазақстанның үздік жазушы-публицисі» деп жарияланды. Қазақтар мен славян халықтарының тарихында тұңғыш рет қазақ (түркі әдебиетшісі) славян халықаралық әдеби әлемінде «2017 жылғы жылдың жазушысы» болып жарияланды (Украина). «Қазақстанның 100 көрнекті қайраткері» энциклопедиялық кітабына енгізілген (Алматы, 2018 ж.). «Бүкіләлемдік бейбітшілік федерациясының» «Бейбітшілік елшісі» (федерация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына кіреді). 30 кітаптың авторы. Қазақ, өзбек және орыс тілдерінде жазады. 2018 жылы Лондонда оның «The earth is our common home» кітабы шықты (Ұлыбритания). Бахыт Рүстемовтің кітаптары АҚШ Конгресі кітапханасында, Ресей кітапханаларында, Еуропа, Азия, Америка және Африка елдерінде лайықты орын алды.
Көрмеде жазушының тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана пайда болған халықаралық публицистикасы көрсетіледі.
Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана пайда болған Қазақстанның халықаралық халықтық дипломатиясын көрсететін фотокөрме өтеді.
Көрме 2021 жылғы 28 қыркүйектен 28 қазанға дейін жалғасады.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 35, «Мәңгілік ел» салтанат аркасы.
Жұмыс уақыты: 10.00-18.00 (демалыс күні - дүйсенбі).