Мазмұнға өту

19.05.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

18 мамыр – «Халықаралық мұражайлар күні».

1978 жылдан бастап әлем елдерінің мұражай қызметкерлері 18 мамырды «Халықаралық мұражайлар күні» ретінде атап өтеді.

1978 жылдан бастап әлем елдерінің мұражай қызметкерлері 18 мамырды «Халықаралық мұражайлар күні» ретінде атап өтеді.

Мерекеге орай Астана қаласы әкімдігінің «Біріктірілген мұражайлар дирекциясы» «Мұражайлар түні» аясында кіру тегін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

Саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені келушілерге саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпаратты және тұтқын әйелдердің ұрпақтарының аузынан айтылған көпжылдық азап тарихын ұсынды. Мұражай келушілерге сағат 21:00-ге дейін ашық болды.

Сонымен қатар «Халықаралық мұражайлар күніне» орай Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай қала тұрғындары мен қонақтарына мұражай ашылған сәттен бастап мұражай қорында сақталған сирек фотосуреттер мен жәдігерлерден тұратын экспозицияны ұсынды. Мұражай келушілерге сағат 23:00-ге дейін ашық болды.