«18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні»
Жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аталып өтіледі.
Жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аталып өтіледі. Дүниежүзілік мұра күні деп те аталатын бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) Ассамблеясы дүниежүзілік мәдени мұраны қорғау мен сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында белгіледі.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні қарсаңында елімізнің тарихи-мәдени мұрасын қорғау, зерттеу, сақтау және насихаттау міндеттері қаншалықты өзекті әрі басым екенін қоғамға тағы да еске салғымыз келеді.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнінің ұраны: «Тарихи отанымызды сақтайық».
Тарихи ескерткіштер күні бәрімізге, яғни өз тарихы мен мәдениетін қадірлейтін, өткенді бағалап, оны зерттейтіндердің барлығына қатысты. Біздің елімізде бізге бірегей тарихи және мәдени мұра қалдырған бай тарих бар. Қазақстан аумағында өте көп ескерткіштер мен тарихи орындар бар, олардың көбі бүкіл әлемге кеңінен танымал және планетамыздың әр түкпірінен келген туристер оларды үнемі тамашалайды.
Естелік күндер күнтізбесінде бүгінгі және болашақ ұрпаққа тиесілі көрікті жерлерді сақтау қажеттігін еске салатын мерекелердің болғаны қандай жақсы. Біз өз кезегімізде еліміздегі тарихи-мәдени мұраның сақтаушылары мен қорғаушылары боламыз.