Мазмұнға өту

14.04.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ғашықтар күні.

Мәңгілік махаббат символы – «Қозы мен Баян» күнін алғаш рет 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған.

Мәңгілік махаббат символы – «Қозы мен Баян» күнін алғаш рет 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған. Ол жастар ұйымдарын, оқу орындарын және бұқаралық ақпарат құралдарын махаббат күнін атап өтуге шақырды. Дархан Мыңбайдың бастамасы көпшіліктің қуанышын тудырды. 2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күнін өзінің ресми іс-шаралары қатарына енгізді. Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесі X–XI ғасырларда салынған сәулет ескерткіші. Қабырғасы гранит күрекпен араластырылған сабанды саздан қаланған, қалыңдығы 1,86 метр кіреберіс есігі шығысқа қаратылған. Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесінің жанында төрт тас мүсін бар.

1771 жылы олардың алғашқы суреті салынды, бұл туралы Г. Волошин жазған.