Мазмұнға өту

14.07.2023 · Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясы

11 шілде – композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл

Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, ойшыл, тарихшы, аудармашы және композитор.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, ойшыл, тарихшы, аудармашы және композитор. 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстауда, Байқошқар өзені бойындағы Кенбұлақ өңірінде дүниеге келген. Шәкәрім – шығармашылық өмірінің жарты ғасырдан астамында әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Әдебиетті, тарихты, географияны, жаратылыстануды, физиканы, сөз өнері мен музыка өнерін зерттеді.