Жыл сайын бүкіл әлем елдері 14 маусымда Халықаралық донор күнін атап өтеді. Бұл оқиға адамзаттың қауіпсіз қан өнімдеріне қажеттілігі туралы мәселеге қоғам назарын аударуға және донор қан тапсыру арқылы адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектескені үшін алғыс білдіруге себеп болды.
Донор үнемі қан тапсыру арқылы өз денсаулығын жақсартатыны дәлелденді. Олар тұмаумен, жүрек-қан тамырлары ауруларына сирек шалдығады. Сіздің қан тапсыру туралы шешіміңіз адамның өмірін құтқара алады!