2022 жылғы 27 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 85 жыл және «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ашылғанына 15 жыл толуына орай «Ұрпақтар есінде» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұрпақтардың қатысуымен Зерде қабырғасына гүл шоғын қою және «Алаш» бағында ағаш отырғызу рәсімі өтті. Конференция қатысушылары – Қазақстандағы және шет елдердегі репрессия құрбандарының ұрпақтары, Қазақстанға қоныс аударылғандар, ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер, музей қызметкерлері баяндама оқыды. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды.