«Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК мекемесінің қызметкерлері техника және өрт қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқаулық - ережемен танысты.
Мақсаты:өрт қауіпсіздігінің алдын алу. «Азия Секьюрити-АС» ЖШС директоры С.И.Курганский техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, өрт сөндіру құралдарын пайдалану мен қолдану әдістерін көрсетті.
Өрт оқиғаларына басты себеп электр желілері мен құралдарын қауіпсіздік ережелеріне сай пайдаланбаудан болады. Мұның салдары күнделікті өмірде қайғылы жағдайға алып келеді. Сондықтан, өрт қауіпсіздігін сақтау - қоғамның ортақ мақсаты.