Бүгін «АЛЖИР» музейі зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Сая Майлыбаева Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «ЕЦ-166/10» мекемесінде «Тарихтың қатал сабақтары» көрмесін ұйымдастырып, дәріс оқыды. ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, музей қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде «АЛЖИР» тұтқындарының фотосуреттері мен архивтік құжаттары ұсынылды.