Hовости Бүгін - Сәкен Сейфуллиннің атылған күні
Бүгін - Сәкен Сейфуллиннің атылған күні
Бүгін - Сәкен Сейфуллиннің атылған күні

                                                                        

       25 ақпан - ақын және жазушы, Алаш партиясының құрметті мүшесі Сәкен Сейфуллин қуғын-сүргіннің құрбаны болған ардақтымыздың атылған күні.

       Бүгін сол қаралы оқиғадан бері 84 жыл өтті. Қызыл үкімет қазақ халқының зиялыларын қынадай қырып салды. Қасірет қанына боялған қаралы күндерді қазақ халқы ешқашан ұмытқан емес. Өз ұлты үшін оққа ұшқан батыр бабаларды жыл сайын еске алу дәстүрге айналды.

    Атаулы күннің белгісі іспеттес бұл күні Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналғандар ақынның рухына тағзым етілді.

       С. Сейфулин музейінде жыл сайын өтетін іс-шараға белгілі Сәкентанушылар мен қоғам қайраткерлері шақырылды.

    Алғашқы сөзді музей басшысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы алды. Несіпбек Айтұлы өз сөзіңде, сол замандағы қазақ арыстарының жазасыз атылғандығын және ол қазақ ұлты үшін орны толмас қайғы екендігін атап өтті.

       Келесі сөз кезегі ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ақын Ғалым Жайлыбайға бұйырды. Ол да Сәкен өмірі туралы сыр шертіп, Сәкен тағылымы жайында тебіренісін жеткізіп, Алаш ардақтысына арналған өлеңін оқыды. Сәкеннің ақындығы мен азаматтығына тоқтала келіп, қырғыз деген атаудан арылуымызға тікелей себеп болған Сәкенге қазақ халқы қарыздар екенін тіліне тиек етті.

   Іс-шараға қатысқан Сәкеннің нағашы қарындасы Асылгүл Әбіш сөз алды. Сәкеннің өмірі мен шығармашылығы қазақ жастарына үлгі екенін айтты.

       Қарағанды облысы Нұра ауданынының Ахмет ауылындағы С.Сейфуллин атындағы мектептің директоры Атымтай Балабиев те сөз сөйлеп, Сәкеннің білім саласына қосқан үлесі, ашқан мектептері туралы толыққанды мәліметтермен бөлісті.

       Қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов басшылық ететін «Сәкен қорының» өкілдері де гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

       Нұр-Сұлтан қаласы № 80 мектептің оқушылары мен ұстаздары да шараға белсене ат салысты.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім