2023 жылы 5 сәуір күні Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Елорда музейлерінің қызметі туралы» тақырыбында Бірлескен мұражайлар Дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев брифинг өткізді.
Баспасөз онлайн маслихатта «Атамекен этно-мемориалды кешені», «АЛЖИР» мұражайы, «Сәкен Сейфуллин» атындағы мұражайы, «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» мұражайларының бірлескені жайлы нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар тікелей эфирде көрермендердің мұражайларға байланысты қойылған өзекті сұрақтарға жауап берілді.