2023 жылы 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру бөлімінің басшысы Өмірбек Мұқатайұлы «Елорда ескерткіштерінің жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы» ақпарат беріп, еліміздегі ескерткіштермен байланысты өзекті тақырыптарды қозғай білді. Алдағы жылы Астана қаласындағы орнатылатын ескерткіштердің жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар «Тарихи мәдени ортаны сақтау орталығының» қызметкері Мәншүк Адиетовна «Тарихи ортаны сақтау орталығының жылдық мәдени ағарту істері» тақырыбында әр жыл сайын өткізілетін мерекелік іс-шаралар жайлы нақты ақпарат берді.