2022 жылдың 1 қыркүйек айында «Нұр- Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауымен танысты. Президент өз Жолдауында Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартатын еліміздің жаңа экономикалық бағытының басымдықтарын атап өтті.
Кешен ұжымы Президенттің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту және әділетті Қазақстанды құру туралы шешімін қолдады.