«Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлері арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.
Ұйымдастыру бөлімінің Бас әкімгері М. Куралбаева өз баяндамасында еліміздің одан әрі даму бағыттарын нақты және Президенттің сөйлеген сөзінің негізгі тапсырмаларын атап өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттары «Жаңа Қазақстанның» құрылысына оң серпін беретіні атап өтілді. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген саяси реформаларды бірауыздан қолдады