2022 жылғы 15 шілде күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Бақытты Шаңырақ мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары тұрақты даму, қолдау және көмек көрсету Қайырымдылық Қоры» Қоғамдық қор мүшелері- балалар мен ата-аналары келді. Қонақтарға «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия өткізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.